Бүгіннен бастап адамзат қарызға бата бастайды
Бүгіннен бастап адамзат қарызға бата бастайды
7 жыл бұрын 7863 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жер планетасының тұрғындары, былайша қысқартып айтқанда, адамзат бүгіннен бастап, яғни, тамыз айының 2-нен бастап, жаңғыртпалы ресурстарды пайдаланудың жыл сайынғы шегінен асып кетті. Бұл жайында АҚШ-та, Бельгияда және Швейцарияда жұмыс істейтін Global Footprint Network халықаралық ғылыми орталықтың зерттеу нәтижесінде айтылған. Нақтырақ айтқанда, әлем бүгін жаңғыртпалы ресурсты пайдаланып тауысты. Тарқатып айтар болсақ, жердің жыл сайын беретін мөлшерін артығымен пайдалануға көшті. Бұдан былай адамзат жер ресурсын "қарызға" ала бастайды. Сарапшылар да, ғалымдар да, мамандар да адамзаттың жер ресурсын қарқынды пайдалануға көшкен. Осыдан он бес жыл бұрын тамыз айының 15-не тұспа-тұс келетін адамзаттың жер ресурсын пайжадалану шегінің көрсеткіші (мөлшері). Бұл өз кезегінде орман-тоғайлардың азаюына, өзен суларының, көлдердің тартылуына, құрғақшылықтың жайлауына, ауыз су тапшылығына, топырақтың құнарсыздануына, атмосферада көмірқышқыл газының артуына алып келеді. Global Footprint Network жетекшісі Матис Вакернагелдің айтуынша, қоршаған ортаға ең көп зала келтіріп отырған парникті газды жартысына дейін кемітсе, онда жер ресурсын жаңғыру шегін үш айға артқа шегеруге болады екен. Айта кетейік, биыл адамзат өзінің қажеттілігін қанағаттандыруға жер ресурсының 170 пайызын пайдаланады. Тағы бір айта кететін жайт, адамзаттың экологиялық қарызы өткен ғасырдың екінші жартысында, дәлірегі, 1970-ші жылдары басталған. Алайда, ол жаппай сипат алған емес, яғни, жекелеген елдер мен мемлекеттердің табиғаттың байлығын шектен тыс пайдалану салдарынан орын алған еді. Ал қазіргі уақытта экологиялық қарызы жоқ бірде-бір елді таппайсың. 

0 пікір
Мұрағат