Күніне 24 мыңға жуық пациентке қызмет көрсететін аса ірі емхана салынады
Күніне 24 мыңға жуық пациентке қызмет көрсететін аса ірі емхана салынады
7 жыл бұрын 3533 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Биыл, дәлірегі, қазан айының 1-нен бастап, Ыстамбұл шаһарында әлемдегі аса ірі және Түркия аумағындағы ең үлкен емхана құрылысы қолға алынады. İkitelli Şehir Hastanesi деп аталатын емхана кешеніне Икителли ауданынан жер бөлінген. Өткен аптада түріктердің Rönesans (Rönesans Health Investment) холдингісі мен жапондардың компаниялар консорциумы аталмыш емхана құрылысына қатысты келісім-шартқа отырды. Rönesans құрылыс компаниясы емхананы 36 айдың ішінде салып бітіруге уәде беріп отыр. Егер аталмыш компания уәдесінде тұрса, 2020 жылы алғашқы пациенттерді қабылдайды. Айта кетейік, біз сөз етіп отырған бұл емдеу кешені күніне орташа есеппен 23 мың 600 науқасқа қызмет көрсетеді. Онда 10 мың медицина және техникалық қызметкер еңбек ететін болады. Бұл кешенде, тіпті, зілзала орын алса да жұмысын тоқтатпайтын 2000 ота жсауға арналған және өзге де мақсатта пайдаланылатын кабинет болады. Бұл кешенде 2700-ден аса пациент бір мезгілді станционарлық ем процедурасынан өте алады. 

0 пікір
Мұрағат