Санкт – Петербургтегі «Heinz» компаниясы сертификаттаудан өтті (фото)
Санкт – Петербургтегі «Heinz» компаниясы сертификаттаудан өтті (фото)
7 жыл бұрын 2803 muftyat.kz

Санкт – Петербург қаласында орналасқан «Петербургская продовольственная корпорация» ЖШҚ компаниясына ҚМДБ-ның Халал стандарты енгізілді. Сонымен қатар, аталмыш компания өнімдері арнайы зертханалық тексерістен өтті. Тексеріс нәтижесі оңынан болып, мекеме Халал сертификатқа ие болды. 

Сертификаттау рәсіміне ҚМДБ «Халал Даму» ЖШС-ның директор орынбасары Ануар Ізімбайұлы және Алматы қаласы өкілінің орынбасары Хонан Айдир қатысты.

Соус өндіретін Heinz компаниясы әлемде «HEINZ», «HEINZ BABY», «МОЯ СЕМЬЯ», «ПИКАДОР», «ДЕРЕВЕНСКОЕ», «LEA & PERRINS», «САМИ С УСАМИ», «УМНИЦА» атымен танылып, өнімдері 200-ден астам елге таралуда. Компаниямен байланысу үшін сілтемені басыңыз!

0 пікір
Мұрағат