Бірде-бір басатын түймесі жоқ ноутбук жұртшылық назарына ұсынылды (видео)
Бірде-бір басатын түймесі жоқ ноутбук жұртшылық назарына ұсынылды (видео)
1 ай бұрын 783 Материалды көшіріп басқан жағдайда islam.kz порталына сілтеме берілуі міндетті

Барселона қаласында өткен Mobile World Congress іс-шарасында Lenovo компаниясы ThinkBook деп аталатын болашақтың ноутбугінің концепциясын көрсетті. Қосу түймешігінен басқа түймешек жоқ футуристік құрылғының интерфейсі түгелі дерлік сенсорлы. Бұл жайында islam.kz порталы techcult ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып мәлім етеді. Айрықша ноутбук экранының мөлдірлігі құбылмалы, 17,3 дюймдік Micro-LED панелі пикселдің артқы жарығы өшірілгенде 55%-ға дейін мөлдір болуы мүмкін. Қосылғаннан кейін  жарықтығын 3000 нитке дейін арттыруға болады. Экранның ажыратымдылығы - 720p, десе де бұл көрсеткіш негізгі мән ретінде алға шығады, яғни, бұл мәннен артық деңгейге  жете алмайды дегенді білдірмейді - коммерциялық нұсқалар пайда болған кезде бұл мән артады. Мөлдір экран пайдаланушыларға гарнитураны қолдану машақатынан құтқару үшін ойластырылған, дәлірегі, толықтырылған шындық мүмкіндіктерін ұсынады. Бұл ерекшелік кейбір нысандармен жұмыс істейтін және оларға қарау үшін монитордан көздерін алғылары келмейтін суретшілер мен дизайнерлер үшін пайдалы болуы мүмкін. Экранда үстіңгі панелдің болмауына байланысты ноутбукта веб-камера жоқ, есесіне ол теориялық тұрғыдан қашықтағы әңгімелесушіні және қарама-қарсы отырған адамды ​​көру қажеттілігін қамтамасыз етеді, мұнндай экрна бейнеконференция үшін пайдалы болуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат