Балмұздақтың отаны – Иран (фото+видео)
Балмұздақтың отаны – Иран (фото+видео)
4 жыл бұрын 4247 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Адамдар ғасырлар бойы мәдениеті мен климаттық аймағына қарай мұз бен қантты пайдаланып келді. Аптап ыстықта шөл басу үшін. Біздің дәуірімізден 500 жыл бұрын парсылар қыста жауған қардың аптап ыстықта еруіне жол бермей арнайы жерасты мұздатқышта жаз бойы сақтаған болатын. Кейін қарды «Палиуде» деп аталатын алғашқы балмұздақ десертін дайындауда пайдаланды. Балмұздақтың отаны ретінде белгілі елде ежелгі балмұздақ рецептісі 1920-шы жылға дейін өзгермеген болатын. Әкбар Машти есімді жергілікті кәсіпкердің рецептісі осы күні кеңінен пайдаланылады. Балмұздақ жасауда. Осы заманғы балмұздақ эталонына айналған. Иран аумағында өсетін шафраннан бастап, қойдың сүті, жабайы орхидей, пісте жергілікті балмұздақтың дәмін кіргізеді. Алда-жалда Шиғалар еліне жолыңыз түссе, дәмі тіл үйіретін балмұздақ жегіңіз келсе, Теһран қаласында орын тепкен Әкбар Маштидің көне дүкеніне барыңыз. Бүгінде бұл дүкеннің қожайыны – Әкбар Маштидің ұлы.

Картинки по запросу

Әкбар Маштидің рецептісі бойынша қой сүтінен қойытылған балмұздақ. Сурет: pinterest.com

0 пікір
Мұрағат