Ауруды сезіне алатын робот құрастырылды (видео)
Ауруды сезіне алатын робот құрастырылды (видео)
4 жыл бұрын 1932 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жапон ғалымдары роботқа жанасқанды сезінуге әрі оған белгілі бір эмоциямен жауап қатуға «үйретті». Бұл жайында Science News ақпарат көзі хабар таратты. Affetto деп аталатын робот туралы ақпарат 2011 жылы пайда болған еді. Содан бері оны жетілдірумен болды. Бұл жолы мамандар роботтың жасанды терісіне жанасуды сезіндіретін сенсор орнатқан болатын. Кіріктірілген датчиктің көмегімен Affetto өзімен қол беріп амандасқандардың дөрекілігін де немесе абайлап жанасқандарды да сезіне алатын болды. Егер оны ұрсаңыз, ол ауырсыну сигналын береді. Сезімтал жұмсақ материалдан жасалған жасанды тері сырттай адамның терісіне қатты ұқсайды. Нейробиолог Антонио Дамасионың айтуынша, робот әзірге адамның көңіл күйін аңдай алмайды немесе оның уайымын сезіп біле алмайжы. Десе де ғалымдар алдағы уақытта роботтың осындай дәрежеге етуі үшін тер төгетін болады. Ол үшін адамдардың, мәселен, жалғызбасты зейнеткердің қас-қабағын бағатын, психологиялық тұрғыдан жәрдем ете алатындай етіп жетілдіруді көздеп отыр. Осыдан бір жыл бұрын ғалымдар Affetto-ны күлуге, қабағаны түюге, т.б. үйреткен болатын.

 

0 пікір
Мұрағат