Бактерияны басқаша жолмен жоятын антибиотик табылды
Бактерияны басқаша жолмен жоятын антибиотик табылды
4 жыл бұрын 2745 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

МакМастер университетінің ғалымдары әрекет ету тетігі өзгеше антибиотиктердің жаңа тобын тапты. Бұл жайында аталған жоғарғы оқу орнының баспасөз қызметі хабарлады. Жаңадан табылған антибиотик топырақтағы бактерия істеп шығаратын гликопептид түріне жатады. Алайда, оның әсер ету тетігі басқаша. Әдетте антибиотиктер алдымен бактерияның жасушалы қабырғасына әсер ете отырып, оның жойылуына алып келсе,  ғалымдар тапқан корбомицин және комплостатин заттары керісінше әрекет етеді – бактерияның жасушалы қабырғасының зақымдануының алдын алады да бактерияның өсуіне әрі жасушаларға бөлінуіне кедергі келтіреді. Ғалымдардың айтуынша, жаңа антибиотик көптеген дәрілерге төзімді бакетриялардан науқасты емдеуде тиімділігін танытады.

0 пікір
Мұрағат