Баламен бірге өсетін болашақ киімі (видео)
Баламен бірге өсетін болашақ киімі (видео)
7 жыл бұрын 3648 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Британиялық дизайнер Райан Ясин размері жоқ киім ойлап тапты. Яғни, баламен бірге өсетін киім туралы концептіні авиақұрылым саласындағы дағды-машықтан алып отыр. Жаттығуға қолайлы бұл киім түрін Лондон қаласындағы королдіктің өнер колледжінің 24 жастағы түлегі баланың өсуіне қарай созылатын ерекше матадан жасаған. Райанның сөзіне қарағанда, эластикалық материал оригамиге ұқсайды: алғашқы пішінін сақтай отырып, размерін өзгерте алады. Одан тігілген киім су өткізбейді, желден қорғайды, тіпті, автомашинаға салып жууға да болады, тағы басқа да артықшылықтары бар болып шықты. Petit Pli коллекциясында 6 айдан 12 айға дейінгі балаларға шақталған киім түрлері ұсынылды. Бұл киім тез өсетін бала киіміне жұмсалатын шығынды үнемдеуге мүмкіндік береді. 

 

0 пікір
Мұрағат