Аспанда енді бір ай болмайды, орбитаға жасанды ай шығарылады
Аспанда  енді бір ай болмайды, орбитаға жасанды ай шығарылады
5 жыл бұрын 7749 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Қытай 2020 жылы ғарышқа жасанды ай шығаруды жоспарлап отыр.  Қатардағы қарапайым адамдарды былай қойғанда ғалымдардың өзі күмәнмен қарайтын бұл жобаның шикілігі неде? Жалпы, бұл мүмкін бе? Ауқымды жобаны жүзеге асыру үшін қаншалықты күш-жігер керек?  Бәрін толғандырған бұл сауалдарға нақты жауап берілген жоқ. China Daily aқпарат көзінің таратқан хабары мен келтірген дерегіне қарағанда, Қытай билігі мен ғалымдары орбитаға аталған мерзімде және кейін бірдей жасанды ай шығаруды жоспарлап отыр. Біріншісі сынақ ретінде Чэнду қаласының үстінен, ал қалғандары тұрақты негізде 2022 жылы өзге ірі мегаполистер үстіне шығарылады. Бұл жасанды айлар неден жасалады, қалай құрастырылады? Өкінішке қарай, бұл турасында мәлімет жоқтың қасы.  Жердің беткі жағынан 500 шақырым қашық биіктікке шығарылатын жасанды ай 80 шақырымға дейін аумақты жарыққа юөдемек. Табиғи Айдан сегіз есе жарық болмақ жасанды айлар.

0 пікір
Мұрағат