Жылына ауаның ластануынан қанша экономикалық шығын келеді немесе адам шығыны қанша
Жылына ауаның ластануынан қанша экономикалық шығын келеді немесе адам шығыны қанша
5 жыл бұрын 3881 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Жыл сайын ауаның ластануынан шамамен 7 млн адам ерте өледі. Ал күллі әлем экономикасына келетін шығын 5 трлн доллардан асып ығылады екен. Бұл жайында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Полша аумағында өткен климат өзгерісімен күреске қатысты алқалы жиынды жасаған баяндамасында айтылған. Аталмыш баяндама авторларының айтуынша, жаһандық жылынудан орын алған климаттық өзгерістерге қатысты 2015 жылы қабылданған Париж келісімінде қарастырылған талаптар орындалған жағдайда ең алдымен ауа сапасы жақсарады. Соның арқасында 2050 жылы миллиондаған адамның ерте өлуінің алдын алуға әрі жүз млрд-таған шығынды болдырмауға қол жеткізуге болады. Парникті газ шектен тыс көп бөлінетін әлемнің 15 елінде ауаның ластануынан жылына алпы ішкі өнімнің 4%-ынан айырылады. Ал Париж келісімінде 2050 жылға межеленген, көзделген, алға қойылған мақсатқа қол жеткізу үшін жалпы ішкі өнімнің бар-жоғы 1%-ын бөліп отырса жеткілікті.

0 пікір
Мұрағат