Аляскіден төнген қауіп...
Аляскіден төнген қауіп...
5 жыл бұрын 5720 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Америкалық геологтар адамзатқа аса қатерлі "кен орнын" тапты: 1600 мың тоннадан асатын қауіпті металл.  Аляскідегі мұздақтан. Бұл әлемдегі барлық сынап қорынан екі есе көп. Қауіптілігі сонда, жаһандық жылынуға байланысты мұздақтар еріген кезде қауіпті зат мұхит суы мен атмосфераға таралып, жер бетінің барлық аумағына жайылады. Бұл бағыттағы зерттеу жұмыстарының он жылғы созылғанын ескерсек, ғалымдардың солтүстік ендіктегі топырақ пен мұз құрамындағы сынаптың шоғырлану деңгейінің дәл анықтағанына күмән келтіруге болмайды. Климатологтардың айтуынша, енді 100 жылдан соң аталған аймақтағы мұздақ еру салдарынан екі есе кішірейеді, кейін мүлдем жоғалатын болады. Мұндай жағдайда сынап күллі тіршілікке анық қауіп төндіреді, дәлірегі, жануарлар мен өсімдіктерді, адамзатты улап, кері әсерін тигізбек. Бұл қауіптің бетін қайтару үшін бір-ақ амал бар: ол - жаһандық жылынуды тоқтату. Десе де ғалымдардың кейбіреуі бұл гипотезамен келіспейді. Мәселен, ресейлік геологиялық институт жетекшілерінің сөзіне қарағанда, мұз бірден еріп кетпейтіндіктен, яғни, мұздың еру процесі ұзақ уақытқа созылатындықтан сынап қоршаған ортамен трансформацияланып, қауіпті ерекшелігін жоятын болады. 

0 пікір
Мұрағат