Саяси қызметпен айналысуға салынған тыйымның күші жойылды
Саяси қызметпен айналысуға салынған тыйымның күші жойылды
5 жыл бұрын 2450 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Тайланд билігі 2014 жылы қолданысқа енген, ел тұрғындарына және шеттен келгендерге ел аумағында саяси қызметтің кез келген түріне (насихаттау, шеруге шығу, наразылық акциясын өткізу, т.б.) айналысуға салған тыйымның күшін жойды. Дәлірегі, аталмыш тыйымның күші Бейбітшілік пен тәртіп жөніндегі ұлттық кеңес пен заңдық құзыретке ие әскери үкімет жетекшісі генерал Праюта Чан-Очаның пәрменімен жойылды. «Бейбітшілік пен тәртіп жөніндегі ұлттық кеңес жетекшісінің халық пен саяси партиялардың саяси қызметіне рұқсат беру туралы бұйрық» жаңа заңнамалар мен ережелер, нұсқаулар, т.б. жарияланатын Royal Government Gazette арнайы мемлекеттік мерзімді басылымында жарық көрді. Аталмыш бұқаралық ақпарат құралында жарық көрген кез келген заң, ереже, нұсқау жарияланған сәттен бастап ел аумағында қолданысқа енеді. Аталған бұйрықта айтылғандай, ақпан айының 24-ң күніне белгіленіп отырған сайлау науқанына байланысты аталмыш ұлттық кеңес сөз болып отырған тыйымның күшін жояды. Жақын қалған парламент сайлауына байланысты төрт жылға созылған аталмыш тыйым өз күшін жойды. Тайлнад саяси қызметке уақытша рұқсат берілетін әлемдегі санаулы елдердің бірі. Диктатуралық режим үстемдік еткен Корей халық демократиялық республикасындағы жағдайға қарағанда Тайланд бұл мәселеде "көш ілгері".

0 пікір
Мұрағат