Әлемдегі ең қымбат бренд анықталды
Әлемдегі ең қымбат бренд анықталды
6 жыл бұрын 2582 7kun.kz Victoria Buzz

Brand Finance консалтингтік компаниясы жылда әлемдегі ең қымбат брендтердің рейтингісін жариялайды. Әдеттегі рейтинг бойынша бұл жолы бірінші орынға Amazon компаниясы ие болды. 500 компания арасынан бұл компания алғаш рет көш бастады. Бренд бір жыл ішінде 42 пайызға артып, бағасы 150,8 млрд долларды құрады.

Екінші орынды Apple компаниясы сақтап қалды. Ол бір жыл ішінде 37 пайызға артып, брендтің бағасы 146,3 млрд долларға жетті.

Ал үшінші орынды 2017 жылы көш бастаған Google еншіленді. Google бір жылда небәрі 10 пайызға өсіп, бағасы 120,9 млрд доллар болды.

Алғашқы ондыққа, сондай-ақ Samsung, Facebook, AT&T, Microsoft, Verizon, Walmart және ICBC кірді.

0 пікір
Мұрағат