Әлем бойынша рак соңғы он жылда үш есе артты – The Independent
Әлем бойынша рак соңғы он жылда үш есе артты – The Independent
6 жыл бұрын 3760

Ғалымдар соңғы зерттеулер нәтижесінде жаман әдеттер мен дұрыс тамақтанбаудың, сондай-ақ күн сәулесінің кесірінен рак диагнозы он жылдың ішінде үш есе артқанын анықтады. Бұл көрсеткіштер әсіресе дамыған мемлекеттерде жылдам артып жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі The Independent басылымына сілтеме жасап. 

Ғалымдардың айтуынша, өмір салтын өзгертіп, темекі, түрлі диеталардан бас тарту арқылы ең жиі кездесетін тері рагі мен өкпе рагінің алдын алуға болады.

Бүкіләлемдік рак ауруларымен күрес қауымдастығының мамандары жыл сайын әлем бойынша осы аурудың 29 түріне байланысты көрсеткіштерді зерттейді. Ұйымның соңғы есебі 2016 жылы JAMA Oncology журналында жарияланды. Онда әлем бойынша 17,2 млн рак диагнозына шалдыққандар тіркелгені, сондай-ақ әлем бойынша осы аурудан 8,9 млн адамның қайтыс болғаны айтылған. Бұл 2006 жылмен салыстырғанда 28 пайызға көп. Ғалымдардың айтуынша, бұл көрсеткіштердің артуына халықтың өмір сүру жасының ұзаруы, скрининг пен даигностиканың көбеюі әсер еткен.

Зерттеуде ең көп өсім кірісі орташа және төмен мемлекеттерде байқалғаны айтылған. Мұндай елдер сапасыз жартылай дайын өнім мен заңсыз табак өндірісінің нарығы саналады екен.

«Бұл зерттеу әлеуметтік-демографиялық индексі төмен мемлекеттерде табак өнімдеріне қарсы күресті арттырудың маңыздылығын көрсетіп отыр» - дейді ғалымдар.

Олардың айтуынша, 2016 жылы әлем бойынша өлімнің 20 пайызы өкпе рагынан болған. Ал әйелдер арасында сүт безі рагы жиі кездеседі.

Сонымен қатар авторлар автокөлік пен өндіріс орындарының ауаны ластауы және тұрмыстық химикаттар да өкпе рагын туғызуға әсер етуі мүмкін факторлар ретінде қарастырылуы керектігін атап өткен.

«Бұл көрсеткіштердің артуына жауап ретінде аурудың алдын алу шараларын да көбейту керек. Мысалы, табактан бас тарту, денсаулықты нығайту кампанияларын арттыру, салауатты өмір салтын ұстану маңызды», - дейді авторлар.

0 пікір
Мұрағат