Әлем бойынша интернеттегі бостандық шектеліп келеді
Әлем бойынша интернеттегі бостандық шектеліп келеді
6 жыл бұрын 3009 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әлемдегі демократия мен бостандық деңгейін талдап отыратын Freedom House деп аталатын халықаралық құқық қорғау ұйымы жыл сайынғы баяндамасын жариялады. "Желідегі еркіндік - 2017" деп ат қойылып, айдар тағылған есепті баяндамасында аталған ұйым сарапшылары әлем тұрғындарының 87%-ы интернетпен қамтылған 65 елдегі жағдайға баға берген. Белгілі болғандай, осы елдердің жартысына жуығында соңғы жылдары интернеттегі бостандықтары шектелген. Ең қатты шектеу көріп отырған елдердің арасында Түркия, Украина және Мысыр көш бастап тұр. Ал бұл тізімнің басында Қытай халық республикасы тұрғанын айта кету керек. Бірнеше жыл қатарынан. Одан кейінгі орындарға аталған мемлекеттермен қатар Сирия мен Эфиопия жайғасқан. "Белгілі болғандай, осы елдердің жартысына жуығында қатаң шектеу қойылуының басты себебі, әсіресе, бұл авторитарлық мемлекеттерге тән болып отыр - интернеттің қаншалықты күшке ие екендігін білгеннен осындай қадамға барған",- деді Freedom House ұйымының "Желідегі еркіндік" жобасының директоры Санья Келли.

0 пікір
Мұрағат