Сирияда қанша америкалық сарбаз бар?
Сирияда қанша америкалық сарбаз бар?
6 жыл бұрын 2252

Соғыс өрті толық сөндірілмеген Сирия аумағында қазіргі уақытта америкалық сарбаздардың қарасы 500 адамнан асады. Бұл жайында генерал-лейтенант Кеннет Маккензи мәлім етті. «Ауғанстанда шамамен 14 мың, ал Сирияда 503 әскери, Иракта 5262-ге тарта америкалық әскери бар»,- деп мәлімдеді ол Пентагонда өткен брифингте. Айта кетеу керек, бұрынырақта Пентагон өкілдері Сириядағы америкалық әскерилер жергілікті сарбаздарды жаттықтырумен ғана шектелетінін, содырларға қарсы соғысқа қатыспайтынын мәлімдеген болатын. Тағы бір айта кететіні, америкалық сарбаздар Сирия билігінің рұқсатынсыз жүр.  

0 пікір
Мұрағат