2018 жылы қандай мамандық иелері жұмысынан қысқартылуы мүмкін
2018 жылы қандай мамандық иелері жұмысынан қысқартылуы мүмкін
6 жыл бұрын 5409

Мамандар 2018 жылы қандай маманадық жұмысшылары жұмысынан қысқартылуы мүмкін екенін айтып берді, деп хабарлайды Ресейлік газетке сілтеп Stan.kz.

Талдаушылардың пікірі бойынша, call-орталық операторлары, бастапқы деңгейдегі есепшілер, сақтандыру бойынша мамандар, ақпарат енгізу бойынша операторлар, модераторлар мен біліктілігі төмен заңгерлерге жұмысынан қысқартылу қаупі төнуі мүмкін.

Аталғандай, бұл саладағы қызметкерлердің жұмысынан қысқартылуы автоматтандыруға байланысты.

Сонымен қатар «криптоқапқа» қызмет көрсететін мамандардың қызметіне тұрақсыздық орын алуы ықтимал. Мамандардың пікірінше, бұл жағдай салалық миграцияға, яғни қызметкерлердің бір ұйымнан келесісіне көшуіне алып келуі мүмкін.

Сондай-ақ талдаушылар 2018 жылы қандай мамандық иелерінің жұмысында тұрақтылық болатынын айтты. Ритей саласының және мейрамхана бизнесінің мамандары, жеткізушілер мен жүргізушілердің жұмысында әзірге тұрақтылық сақталады. Себебі бұл саладағы процестер таяу уақытта автоматтандырылмақ емес.

0 пікір
Мұрағат