1,5 млн ауған жер аударылатын болды
1,5 млн ауған жер аударылатын болды
6 жыл бұрын 2487 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Пәкстан мен АҚШ арасындағы жанжал ушығып барады. Екі елдің арасыдағы дипломатиялық қатынас сын көтермейді. Террорстермен жеткілікті деңгейде күреспей отырғанын алға тартқан АҚШ Пәкістанды, тіпті, террористерге дем беріп отырған елдердің қатарына қосып, қара тізімге енгізіп те қойды. Террористермен күреспей отыр деген желеумен шөміштен қысып, қыруар қаржыдан қақты. Пәкістан тарапы да қарап қалмады. Пәкістанның ұлттық қауіпсіздік комитеті мен министрлер кабинеті ауға диаспорасын елден кетіретін шешім қабылдады. Ел аумағындағы ауғандарға 30 күн мұрсат беріп отыр. Адам құқығы, демократия секілді батыс құндылықтарын белінен бір-ақ сызып, халықаралық нормаларға да пысқырмай, америкалықтарға қарымта ретінде әрі АҚШ-тың буынсыз жерден пышақ ұрып, бетіне салық ете беретін «террористермен күресті» желеу етуіне саңылау қалдырмай 1,5 млн ауған тағдырын талқыға тастады. Мұсылман елі еш жазығы жоқ діндес бауырларын аямады, Екі түйе сүйкенсе, арасында шыбын өледінің керін келтірді. Әшейінде демократия құндылықтарын алға тартып, аттандап шыға келетін америкалықта бұл жолы аузын аша алмады. Өздері осыған жеткізген. Бұған қоса, Пәкістан бірқатар мұсылман елінің азаматтарына келуіне тыйым салып, Мексикамен арадағы шекарасына дуал тұрғызуды бастаған АҚШ-тың ізімен келеді. Ал мұның салдары қандай болмақ? АҚШ-тың Ауғанстандағы қуыршақ үкіметі 1,5 млн демей-ақ қоялық, бірнеше жүз мың ауғанда қабылдаған күннің өзінде күллі көкке ұшпай ма? «Шықпа жаным, шықпамен» әзер отырған, жартылай қираған Ауғанстанның осынша қандасын қабылдай алуға шамасы келмейді. Пәкістан осылайша америкалықтарды 1,5 млн ауғанмен соқты. 1,5 млн – оңай шағылатын жаңғақ емес, ауғанстандағы саяси ахуалды түбірімен өзгертпесіне ешкім кепілдік бере алмайды. Пәкістан осылайша америкалықтарға өз әдісін қолданып, өз жұмыртқасын өз табасына қуырып беріп отыр.

0 пікір
Мұрағат