Түркіменстанда әйелдерге көлік жүргізуге тыйым салынды
Түркіменстанда әйелдерге көлік жүргізуге тыйым салынды
6 жыл бұрын 2068

Түркіменстанда бір айдан бері әйелдердің көлік жүргізуіне тыйым салынған. Бастапқыда полиция темір тұлпарлы нәзік жандыларға жай ескерту жасаған. Ендігі куәліктерін тартып алып, көліктерді айыппұл тұрағына тоғытып жатыр, деп хабарлайды Stan.kz.

“Бастапқыда бұл ақпаратты қалжың шығар деп сенбедім. Мұнан кейін өз басыма да келді. Қазіргі уақытта әйелдер рөлге отырудан қорқатын болды. Сондықтан көпшілігін күйеулері жұмысқа әкеп салып, алып кетеді”, — дейді Ашхабад тұрғыны.

Хабарланғандай, мемлекеттік мекемелерде жұмысқа өз көлігімен келген әйелдерден енді рөлге отырмаймыз деген қолхат алынған екен.

Аталған шараның қолданылуына көлік апатының басым көпшілігі әйел жүргізушілердің кесірінен болады деген статистикаға себеп болыпты.

0 пікір
Мұрағат