Зинаға қатысты жаза алынып тасталды
Зинаға қатысты жаза алынып тасталды
9 жыл бұрын 3631

Оңтүстік Кореяда жұбайының көзіне шөп салғандарға жаза қарастырылатын, 1953 жылы қабылданған заң өз күшін жойды. Мұндай шешімді елдің Конституциялық соты шығарды. Осылайша, әлемдік діндердің барлығында, әсіресе, ислам дінінде ең ауыр күнәлардың бірінен саналатын зинаға барғандар ендігі жерде жазаланбайтын болды. Конституциялық сот мұндай шешімге не үшін барды? «Адамдардың жеке өміріне аралспауды» желеу етіп отыр. Оңтүстік Корея – зинаға қатысты жаза қолданылатын мұсылман емес санаулы мемлекеттердің бірі болатын. Осы уақытқа дейін бұл елде зина жасағаны дәлелденген, яғни, жұбайының көзіне шөп салғаны дәлелденген адамның үстінен қылмыстық іс қозғалатын. Оның үстіне, ерлі-зайыптылардың бірі жұбайынан үстінен шағымданған жағдайда ғана қылмыстық іс қозғалатын. Бір қуаныштысы, бұл елде зина жасайтындар қарасы азайған. 2008 жылдан бері алғанда, 22 адам осындай себеппен абақтыға жабылған екен.

 

Өз жұбайларына ең көп опасыздық жасайтын ел анықталды

Durex компаниясының мамандары әлемде өз жұбайларының көзіне шөп салудан алдына жан салмайтын ең опасыз елді анықтау мақсатында сауалнама жүргізген.
Тізім басына Тайланд мемлекеті жайғасыпты. Бұл жайында nur.kz сайты Bnews.kz ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып, хабар таратты.
Sexual Wellbeing Global Survey атты зерттеу жұмыстарының нәтижесінде Тайланд тұрғындарының 56 пайызы өмірлік серіктерінің көзіне шөп салатыны белгілі болған.
Durex мамандары жүргізген сауалнамаға 26 елден 26 мың адам, яғни әр мемлекеттен мың адамнан қатысқан. Тағы бір айта кетер жай, Франция мен Германияда азаматтар бұл мәселеге немқұрайды қарайды және ерлі-зайыптылар бірін-бірі қызғанбай, ашыналарымен ашық түрде байланыста болады екен.
Жүргізілген сауалнаманың нәтижесінде "үздік ондыққа" кірген мемлекеттердің тізімі мынадай:
1. Тайланд (56 %)
2. Дания (46 %)
3. Италия (45 %)
4. Германия (45 %)
5. Франция (43 %)
6. Норвегия (41 %)
7. Бельгия (40 %)
8. Испания (39 %)

0 пікір
Мұрағат