Әйел көйлегін киіп, жасырынбақ болған содырлар қолға түсті
Әйел көйлегін киіп, жасырынбақ болған содырлар қолға түсті
9 жыл бұрын 3470

Нигерияда «Боко харам» радикалды тобының бірнеше содырын қолға түсірді. Олардың кейбіреуі аңғалдығынан қолға түсіп қалған еді. Күдік тудырмас үшін әйел болып киінген содыр сақалын қыруды ұмытып кетіпті. Нигерияның Бага қаласын аталмыш топтан қорғап, содырларды қолға түсіру операциясын жүзеге асырған. Бұл жайында The Daily Mail ақпарат көзі хабар таратты. Армия бөлімшесінің бас қолбасшысы Крис Олуколаде орман-тоғайларда жасырынған «Боко Харам» содырларының нысандарына әуеден шабуыл жасағандарын мәлімдеді. Шабуылдан бас сауғалаған содырлар қолға түспес үшін әлгіндей айлаға көшіп жатыр. 

0 пікір
Мұрағат