Зайырлы қоғамның да қолайына жағатын, шіркеудің де көңілінен шыққан, мүфтият мақұл көрген заң қабылданды
Зайырлы қоғамның да қолайына жағатын, шіркеудің де көңілінен шыққан, мүфтият мақұл көрген заң қабылданды
6 жыл бұрын 5008 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясы мұсылмандарының діни жиналысынң жетекшісі әрі Мәскеу қаласының мүфтиі Албир Крганов Мемлекеттік думаның азаматтық неке мәселесін шешуге қатысты бастамасына қолдау білдірді. Осы аптаның басында Мемдумаға Отбасы кодексіне өзгерту енгізуді әрі «нақты неке қатынасы» ұғымын енгізуді ұйғаратын заң жобасы қарауға енгізілген болатын. Аталмыш заң жобасына енгізілетін өзгерту бойынша тиісті органға тіркелмеген ер мен әйелдің қатынасы ресми некеге теңестіріледі. Перзент сүймеген жұптар бес жыл бірге тұрса, ал араларында бала барлары екі жылдан соң автоматты түрде ерлі-зайыпты саналады. Айта кетейік, азаматтық неке аталған елде бұрыннан бар түйткілді әлеуметтік дертке жатады. Албир Крганов Ресейде түрлі дін өкілдерімен қатар атеистердің де бар екенін айта келіп, бұл мәселенің барлық тарап үшін ортақ шешімі болуы керектігін алға тартты. Сондай-ақ, мемлекеттік органға тіркелмей, тек мешітте неке қидырғандар үшін де бұл заң қолайлы болмақ. Айта кетейік, бұл арада адамдардың қоғам алдындағы жауапкершілігі мен отбасы құндылығын сақтау үшін осындай қадамға барғалы отыр. 

0 пікір
Мұрағат