Діни ұйымдар табыс көзі туралы деректі жасырмауға міндетті
|
Тәжікстанның барлық діни ұйымдары қолданыстағы «Ар-ождан бостандығы және діни бірлестіктер туралы» заңға енгізілген түзетулерге сәйкес бұдан былай өздерінің дүние-мүлкі мен табыс көзі туралы мағлұматты ұсынуға міндеттелді. Аталған ел аумағындағы діни бірлестіктер, соның ішінде мешіттер, шіркеулер, синагогтар ендігі жерде дүние-мүлкі мен табыс көзі, қаражаттың қалай және қайда жұмсалатыны, діни қызметкерлердің жалақысы, төлеген салығы туралы есеп беруі тиіс. Айта кетейік, бұрын тек тиісті мемлекеттік құзырлы органдар талап еткенде ғана ақпар беретін еді. Тағы бір айта кететіні, бұл елде барлық ғибадат ғимараттар, атап айтқанда, мешіттер мен шіркеулер және синагогтар тек садақа есебінен ғана жұмыс істеп келеді.
Мұрағат
Көп оқылғандар
■
Халал сертификатына ие болған кәсіпорындар
■
Генетикалық ақпараттың берілуінің тағы бір тетігі анықталды
■
Жаһандық проблемаға байланысты жыл өткен сайын азық-түлік қымбаттай беретін болды
■
2100 жылға қарай барлық дерлік елде бала туу көрсеткіші өсу деңгейінен төмендейді
■
Суды микропластиктен қайнату арқылы тазартуға болатыны анықталды