Үндістанда 21 млн қыз «керек емес» болып танылды
Үндістанда 21 млн қыз «керек емес» болып танылды
6 жыл бұрын 2317

Үндістан үкіметінің мәлімдеуінше, елдегі ата-аналар қыздардың орнына ұл баланы қалауына қарай, 21 миллион «керек емес» қыз анықталыпты. Яғни соншалықты қыздың орнына ата-аналары ұл бала болуын қалайды, деп хабарлайды Вaq.kzақпарат агенттігі bbc басылымына сілтеме жасап. 

Қаржы министрлігінің есебіне сәйкес, Үндістандағы көп жұп ұл туғанша дүниеге бала әкеле берген. Бұл отбасылардың ұлды болудағы қалауын көрсетеді. Тек көп қыз туа берсе, қыздарға арналған ресурстардың азайып қалуына әкеп соғуы мүмкін.

Ведомство берген ақпаратқа сүйенсек, Үндістанда 63 миллион әйел "іс-түссіз жоғалған". Өйткені, ұлды болғысы келгендердің көбісі аборт жасатқан. Яғни, ата-аналар 63 миллион қыз баланы тумай жатып алдыртып тастаған.

Үндістанда бала дүниеге келмей жатып, оның жынысын анықтауға заңмен тыйым салынады. Бірақ бұл заңды бұзып жатқандар бар және ата-анасы жатырдағы баланың қыз екенін білсе, аборт жасатуы мүмкін.

0 пікір
Мұрағат