Ультрабайлар магниттей тартылуда
Ультрабайлар магниттей тартылуда
7 жыл бұрын 3743 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірліктері әлемнің түкпір-түкпірінен ультрабайларды өзіне магниттей тартуда. Тек өткен 2016 жылдың өзінде Парсы шығанағындағы аталған елге 5000-нан аса миллионер қоныс аударған. Бұл көрсеткіш оның алдындағы 2015 жылман салыстырғанда еке есе көп. Нақтырақ айтқанда, 2015 жылдың өзінде БАӘ 3000 миллионер аталған елге түпкілікті қоныс аударған. Бұл жайында  New World Wealth ақпарат көзі хабар таратты. Дәулеті шалқығандар көп қоныс аударған елдердің бірі тағы сол Парсы шығанағында - Катар. Өткен жылы 2000-дай ультрабайды қабылдаған болатын. "Салықтың төмендігі, қауіпсіздіктің жоғары болуы, ең бастысы, экономиканың тұрақты өсуі, атап айтқанда, қаржы, технология, денсаулық сақтау және медиа салаларының даму келешегі байлардың осы елге қоныс аударуына бірден-бір себеп болып отырғанын жеткізді New World Wealth сарапшысы Эндрю Амойлс. Сонымен қатар, миллионерлер АҚШ, Ұлыбритания және Австралияға ағылуда. Бұған кеірісінше үрдіс ішкі күрделі сипат алған саяси жағдайларға байланысты Түркиядан, сондай-ақ, Франциядан және Бразилиядан байқалып отыр. Бір ғана Түркиядан өткен жылы 6000-нан аса дәулеті шалқыған бай кеткен. Кәрі құрлықтан, яғни, Еуропадан байлардың кетуіне ішкі діни араздық себеп болған. 

0 пікір
Мұрағат