Туристердің шетелдік төлқұжатының мерзімі қандай? БАӘ-ге барғысы келетіндер қаперіне
Туристердің шетелдік төлқұжатының мерзімі қандай? БАӘ-ге барғысы келетіндер қаперіне
7 жыл бұрын 3581 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Біріккен Араб Әмірліктерінің билігі осы елге келгісі келетін туристердің есінешетелдік төлқұжатының мерзімі туралы ережені естеріне салды.  Аталған ереже бойынша туристердің төлқұжатының жарамдылық мерзімі кем дегенде алты ай болуы қажет. БАӘ ішкі істер министрлігі Натуралдандыру және резиденттеу жөніндегі бас мекеме(General Directorate of Naturalization and Residense) атынан осындай хабар таратты. Дәлірегі, "6 ай ережесі" деп аталатын құжат бойынша БАӘ-нің 1973 жылы қабылданған №6-шы федералдық заңының 1 секциясының 1-ші тарауының b) бабының тармақтарына сай әлемнің қай елінен болмасын, аталған мемлекет аумағына келуді жоспарлаған азаматтардың барлығы бұл талапты ескеруі міндетті. Дипломаттар мен елшілер де, резиденттер де бұл талаптан айналып өте алмайды. 

0 пікір
Мұрағат