Түземдіктер (аборигендер) Жаңа Зеландиядағы терактіден қаза тапқан мұсылмандарды би билеп, еске алды (видео)
Түземдіктер (аборигендер) Жаңа Зеландиядағы терактіден қаза тапқан мұсылмандарды би билеп, еске алды (видео)
5 жыл бұрын 3404 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

"Әр елдің салты басқа, иттері қара қасқа" деген мақал бар емес пе. Әр ұлт өзінің дүниетанымына орай қайғыға ортақтасып, қуанышын бөлісіп жатады. Біреулер қара жамылса, енді біреулері билейді дегендей... Күні кеше күллі әлемді дүр сілкіндірген Крайстчерчтегі мұсылмандарға қарсы қанқұйлы оқиғаға әркім өз салтына сай көңіл білдіріп жатыр. Солардың бірі Жаңа Зеландиядағы байырғы халықтардың бірі - маори түземдіктерінен тұратын байкерлер исламофобтардың қолынан бақилық болған мұсылмандардың құрметіне би биледі. "Хака" деп аталатын өздерінің дәстүрлі биін билеп берді. Осылайша, исі мұсылман аза жамылған күні өздерінің мұсылмандармен бірге екенін білдірді. 

 

0 пікір
Мұрағат