Таяудағы терактіге байланысты мұсылмандардың өзін жазғырған исламофоб жазасын сол сәтте алды (видео)
Таяудағы терактіге байланысты мұсылмандардың өзін жазғырған исламофоб жазасын сол сәтте алды (видео)
5 жыл бұрын 2140 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Австралиялық сенатор Фрейзер Эннинг алдымен таяуда Жаңа Зеландиядағы терактіні айыптайтынын мәлімдей келе болған оқиғаны өзінше "талдап", ақыры мұсылмандардың өзін бәріне жазықты етіп шығарды. Өзінше орағытып, мұсылмандарды қаныпезер етіп көрсетпек болды. Оның бұл жаласына төзбеген жасөспірім сенатор сөз сөйлеп тұрғанда артынан келіп, басына жұмыртқа жарды. Бұл жайында ABC News ақпарат көзі хабар таратты. Исламофоб сенатор өзін ел көзінше масқаралаған жасөспірімге жұдырық ала жүгіргенімен оны жанындағылар ұстап қалады. Әлеуметтік желіде Мельбурнның 17 жастағы тұрғынының бұл әрекеті жұрттың назарын өзіне аударып, қошеметке ие болуда. Оны "Жыл адамы" атағына ұсынып жатқандар да бар. Тіпті, оған қаражат жинап беру науқаны басталып кетті. Бірден 47 000 доллар жиналды. Оның Түркияда демалуға жіберуді, Феррари автокөлігін тарта етуді ұсынып жатқандар да бар. 

 

0 пікір
Мұрағат