Түсік пен жасанды жолмен ұрықтандыруды жарнамалауға тыйым салынды
Түсік пен жасанды жолмен ұрықтандыруды жарнамалауға тыйым салынды
7 жыл бұрын 3542 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Әзірбайжанда түсік жасату мен жасанды жолмен ұрықтандыруды насихаттайтын жарнамаларға заң жүзінде тыйым салынды. "Халықтың денсаулығын қорғау туралы" заңға тиісті түзетулер енгізілді. Түзету енгізілген аталған заңды бекітіп, мемлекет басшысы Илхам Әлиев қол қойды. Заң мәтіні президенттің сайтында жарияланды. Сондай-ақ, жүктілікті жасанды жолмен тоқтатуға және ЭКО-ға көрсетілетін медициналық қызметті жарнамалауға да толық тыйым салынды. Десе де медициналық мақсатта қолданылатын техниканы, дәрігердің рецепінсіз берілетін дәрі-дәрмекті, емдеу әдіс-тәсілін, профилактикалық іс-шараларды, диагностика мен реабилитацияны (оңалтуды) жарнамалауға рұқсат берілген.  

0 пікір
Мұрағат