Францияда босқындарға арналған 12,5 мың жаңа орын ашылады
Францияда босқындарға арналған 12,5 мың жаңа орын ашылады
7 жыл бұрын 2565

Франция үкіметі көші-қон мәселесін реттеу бойынша жоспар ұсынды деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі 24.kz-ке сілтеме жасап. Соған сәйкес 2019 жылға дейін босқындарға арнап 12 жарым мың жаңа орын ашылады. Премьер-министр сондай-ақ елден баспана сұрап келгендерді қабылдап, оларды жайғастырумен айналысатын мекемелерге қосымша қаржы бөлуге уәде берді. Үкімет басшысының айтуынша, мигрант интеграциясына қатысты саясат қайта қарастырылады. Осыған байланысты босқындарға француз тілін үйрететін сабақтар саны екі есеге көбейтілмек.

0 пікір
Мұрағат