Түркияда мемтөңкеріс жасауға әрекеттенгендер тікұшақпен Грекияға барып, саяси пана сұрап жатыр
Түркияда мемтөңкеріс жасауға әрекеттенгендер тікұшақпен Грекияға барып, саяси пана сұрап жатыр
8 жыл бұрын 3821 AP Photo/ Brennan Linsley

Түркияда мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенгендер тікұшақпен Грекияға барып, саяси пана сұрап жатыр, - деп хабарлайды "tengrinews.kz" порталы "РИА Новости" ақпарат көзіне сілтеме жасай отырып. Ал аталған ақпарат көзі Грекияның ERT қоғамдық телеарнасына сілтеме жасады.

"Black hawk" түріндегі тікұшақтың түрік полициясының иелігінде екені хабарланып отыр. Алдын ала мәлімет бойынша, тікұшақ апат сигналын берген. 

Төтенше жағдай орнына барғандардың мәліметі бойынша ұшып келгендердің Түркиядағы бүлікке қатысы бар, олар Грекияда саяси пана сұраған. Расталған мәліметтер бойынша, тікұшақ бортында жеті әскери болған. Түрік әскерилерінің шені жайлы мәлімет жоқ, себебі олар формасындағы шен белгілерін шешіп тастаған. Бұл іс Грекияның Сыртқы істер министрлігіне берілді. 

Сонымен қатар, телеарна тілшілерінің мәліметінше, Түркия әскерилер мен тікұшақты беруін сұрауды жоспарлап отыр екен. 
0 пікір
Мұрағат