Жануарлар әлемі: Құстың жұмыртқасы неге көкшіл болады?
Жануарлар әлемі: Құстың жұмыртқасы неге көкшіл болады?
8 жыл бұрын 6735 inform.kz

Көкшіл жұмыртқа шөптің арасында, қара жерде бірден көзге түседі. Көптеген құстар өмір сүретін ортасына түсі сәйкес келетін көзге шалына бермейтін елесіз түстегі жұмыртқа табады. Соған қарамастан кейбір құстардың жұмыртқасы ақшыл көк түсті. Ғалымдар осы ерекшелікті зерттеп шықты.

«The American Naturalist» журналында Нью-Йорк қалалық университетінің профессоры Дэвид Лахти мен оның әріптестері жариялаған ғылыми мақалада көкшіл жұмыртқаның сыры екі гипотезамен түсіндіріледі.

Ғалымдардың тұжырымы бойынша күн сәулесі құс жұмыртқасына ондағы өніп келе жатқан эмбрионға екі түрлі қауіп төндіреді: қабыққа сіңген инфрақызыл толқын оны қыздырып жіберуі мүмкін, ал ішке еніп кететін ультра-күлгін сәуле эмбриогенез үдерісіне кедергі келтіреді.

Мақала авторлары көк түс өзінің кемшіліктеріне қарамастан осы екі қатерден сақтандырады деп болжады. Ультра-күлгін сәуле ұрыққа жетпейді әрі жұмыртқа тез қызып кетпейтіндей деңгейде жылу қабылдайды.

Ғалымдар өздерінің болжамдарын зертханада құс жұмыртқаларына тәжіриеб жасау арқылы дәлелдеп шықты. 

0 пікір
Мұрағат