Түркия мен Ресейдің Идлибтегі текетіресі тікелей соғысқа ұласа ма немесе Сириядағы ахуал екі елдің қарым-қатынасына қалай әсер етеді - 3
Түркия мен Ресейдің Идлибтегі текетіресі тікелей соғысқа ұласа ма немесе Сириядағы ахуал екі елдің қарым-қатынасына қалай әсер етеді - 3
4 жыл бұрын 2288 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

(Басы мына сілтемелерде: http://islam.kz/kk/news/alem/turkiya-men-reseidin-idlibtegi-teketiresi-tikelei-sogysqa-ulasa-ma-nemese-siriyadagy-ahual-eki-eldin-qarym-qatynasyna-qalai-aser-13276/#gsc.tab=0http://islam.kz/kk/news/alem/turkiya-men-reseidin-idlibtegi-teketiresi-tikelei-sogysqa-ulasa-ma-nemese-siriyadagy-ahual-eki-eldin-qarym-qatynasyna-qalai-aser-13283/#gsc.tab=0)

Түркия мен Ресейдің Сирия жеріндегі текетірестің артында тұрған екі елдің стратегиялық мақсат-мүддесі туралы біршама айтып кеттік. Десе де жоғарыда айтылып өткендерді одан ары тарқатып, толықтыра түсуді қажет етеді: естеріңізде болса, осыдан аттай тоғыз ай бұрын сайтымыздың жаңалықтар таспасында жарияланған «Ресейдің сына қағар қаруы» (қараңыз: http://islam.kz/kk/news/alem/reseidin-syna-qagar-qaruy-11965#gsc.tab=0) деп аталатын талдау материалымызда айтып өткеніміздей, екі елдің геосаяси мақсаты мен мүддесі бір арнада тоғыса бермейтінін тәпіштеп жазған болатынбыз. Сол мақаламызда аталған екі елдің әріптес емес, бәсекелес елдер екенін, олардың одағы уақытша екенін, неге бәсекелес, неге уақытша одақ екенін де сараптап жазғанбыз. Айналып келгенде Режеп Тайып Ердоған да, Владимир Путин де батысқа жұлдызы қарсы саясаткерлер. Олардың басын осы фактор ғана біріктіріп отыр десе де болады. Мемлекет мүддесін өздерінің амбицияларымен сабақтастырып отырған саясаткерлер. Түркия Ресейді АҚШ-қа қарсы таразы басын теңестіретін фактор ретінде пайдаланса, Ресей Түркияны Солтүстік саяси-әскери альянс арасына жік салу үшін пайдаланып отыр. Осындай себептермен олар бір-бірінің кейде геосаяси қайшы қадамдарына көз жұма қарауға мәжбүр. Алайда, Идлиб олардың уақытша одақ екенін, бұл одақтың да белгілі бір шегі бар екенін көрсетіп берді. Оның үстіне, Ресеймен тым жақындасып кеткен Түркияның бұл қадамы Ресеймен араз батыс елдерінің ұйқысын қашырған еді. Батысқа Ресей мен Түркияның арасына сына қағылып сызат түскені керек. Бұдан бөлек, Идлиб – сириялық оппозицияның соңғы тірегі. Идлиб алынса, Түркияның Сирия жеріндегі мақсаты мен мүддесіне балта шабылады.

(жалғасы бар)

0 пікір
Мұрағат