Түркия мен Ресейдің Идлибтегі текетіресі тікелей соғысқа ұласа ма немесе Сириядағы ахуал екі елдің қарым-қатынасына қалай әсер етеді - 2
Түркия мен Ресейдің Идлибтегі текетіресі тікелей соғысқа ұласа ма немесе Сириядағы ахуал екі елдің қарым-қатынасына қалай әсер етеді - 2
4 жыл бұрын 2451 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

(Басы мына сілтемеде: http://islam.kz/kk/news/alem/turkiya-men-reseidin-idlibtegi-teketiresi-tikelei-sogysqa-ulasa-ma-nemese-siriyadagy-ahual-eki-eldin-qarym-qatynasyna-qalai-aser-13276/#gsc.tab=0)

Ал Ресейдің Сирия жеріндегі мақсаты да стратегиялық мүддесімен қабысып жатыр. Ең алдымен мынаны айта кеткен жөн: Ресей лаңкестерді Сирия жерінде тұншықтыруды көздейді – бұл таза прагматикалық шешім. Өйткені, Шам мен Сирия жеріндегі террористердің Қап тауына қарай ығысуына жол бермеуді көздейді. Террористер Қап тауына келді дегенше, Ресейдің қауіпсіздігіне тікелей қауіп төндірді дей беріңіз. Ең бастысы – Ресей Тартуста өзінің әскери-теңіз базасын ашып алды. Бұл стратегиялық маңызы зор Жерорта теңізіндегі орыстардың жалғыз базасы. Бұдан бөлек, Ресей Сирия аумағында авиабазасын да ашты. Осылайша Таяу Шығыстағы позициясын нығайтып алды. Ресей билігі Башар Асад режиміне қолдау білдіріп отырғандықтан Ресейдің бұл әрекеті Қырым аннекциясынан кейін санкция астында қалған Ресей мен Иранды әлемнен мүлдем оқшаулап тастады десе де болады. Өйткені, Башар Асад режимін тек осы екі ел ғана мойындап, саяси, қару-жарақ, т.б. қолдау көрсетіп отыр. Ресей Таяу Шығыстағы өзінің ықпалын ұлғайту үшін барса мұндай қадамға, Иран аймақтағы аса ықпалды державалық мәртебесін сақтап қалу қамында барды. Қалай десек те Ресей Сириядағы ойыншылар арасында жеңіске жеткенімен жолында кесе көлденең түсіп алған Түркиямен санасуға мәжбүр. Оның себебін - экономикалық байланысты, сондай-ақ, басқа да себепте (бұл себепті келесі тарауымызда айтып кетеміз - ред.) жатқанын жоғарыда айтып өттік. Түркия шекаралас ел болғандықтан ең алдымен өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытында тактикалық та, стратегиялық қадамдарға баруға мәжбүр. Бар түйін осыған келіп тіреледі. Ресей Режеп Тайып Ердоғанның көңілін табу үшін Сириядан кетпесі анық, оның себебін айтып өттік – Таяу Шығыстағы қол жеткізген ықпалын сақтап қалу үшін. Башар Асадтың заңды жолмен билік басына келгенін желеу етіп, аймақтағы ықпалын нығайтуға күш сала береді. Ресей неге онсыз да тынышы қашқан Таяу Шығыста қалуға ытналы? Мұның бірқатар себептерін айтып өттік. Десе де бұл айтылғандардан бөлек, басқа да себептері барын айта кету керек.

(жалғасы бар)

0 пікір
Мұрағат