Конституцияға Құдай ұғымын енгізу туралы Дағыстан мүфтиі өз пікірін білдірді
Конституцияға Құдай ұғымын енгізу туралы Дағыстан мүфтиі өз пікірін білдірді
4 жыл бұрын 2391 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Ресей Федерациясының Қап тауындағы субьектілерінің бірі - Дағыстан республикасының бас мүфтиі, шейһ Ахмет Әпәнді аталған ел президенті Владимир Путиннің бастамасымен РФ конституциясына өзгертулер енгізу бағытында өз пікірін білдірді. Яғни, жаңғыртылатын конституция мәтініне Құдай ұғымын енгізуді жақтап мәлімдеме жасады:

"РФ конституциясында Құдайды еске алуды әділетті қадам санаймын, өйткені, бір Жаратушыға сенім еліміздегі адамдардың көбісін олардың қандай да бір наным-сенім өкілі болғанына қарамастан біріктіретін болады. Расында, Конституция мемлекеттің негізгі заңы ретінде рухани-өнегелік қағидаларды қамтуы тиіс әрі онда Жаратушыны ескеру ресей қоғамының дамуына серпін береді. Ресей азаматтары ұлты мен дініне қарамастан Жаратушының есімін тек діни кітаптар мен ғибадатханалардан ғана кезіктірмей, мемлекеттің негізгі заңынан да көретін болса, бұл халықтың мемлекетке сенімін нығайтып, адамдардың ертеңгі күні мен болашағына сенімін күшейтеді. Осылай еткенде ғана халық кез келген қиындыққа төтеп беріп, үлкен жетістіктерге жетеді". 

0 пікір
Мұрағат