Түріктер Шопеннің азалы маршынан бас тартып жатыр
Түріктер Шопеннің азалы маршынан бас тартып жатыр
7 жыл бұрын 2661 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Түркия билігі елдегі барлық провинцияға (олардың саны - 81) марқұмды жерлеу рәсімінде ойналатын Шопеннің "Азалы маршынан" бас тартуға пәрмен берді. Түріктердің  «NewsTurk» мерзімді басылымының таратқан хабарына қарағанда, бұл тыйыт тек қаза болған әскери адамдардың жерлеу рәсіміне қатысты. Азалы маршты марқұмға дұға айтылатын, османлы композиторы Итридің «Segah Tekbiri» туындысымен алмастыруға шақырды. Айта кетейік, бұл өзгертуге Түркияның дін істері жөніндегі басқармасы мұрындық болды. 

 

0 пікір
Мұрағат