Күрдтер күшейіп келеді
Күрдтер күшейіп келеді
7 жыл бұрын 3180 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Соғыс әлі тоқтамаған Сирия аумағында күрдтердің халықтың өз-өзін қорғау жасағы содырлармен бірігіп, араб елді-мекендеріне шабуылдап жатыр. Сарапшылар күрдтердің бұл әрекеті геноцидке ұласып кетуі мүмкін екенін айтып, дабыл қағып отыр. Айта кетейік, күрдтер мен арабтардың арасы жақсы емес. Бұрыннан солай. Оған бірнеше саяси, тарихи жайттар себеп. Бұған қоса, Түркияда террористік ұйым ретінде танылған Күрдістанның жұмысшы партиясын идеологиялық тұрғыдан Израилдің қолдап отырғанын айта кету керек. Израил билігі күрдтердің тәуелсіздік алуын жақтап отыр. Дәлірегі, бұл тақырыпта Израилдің премьер-министрі Биньямин Нетаниягу мәлімдеме жасады. Әлем қауымдастығынан айылын жия бермейтін Израил өзі басып алған палестиналықтардың азаттық үшін жүргізген күресін террористік актіге жатқыза салудан тайынбаса да күрдтердің қолтығына су бүркіп отыр. Израилдің террористерге дем беріп отырғанын әлем қауымдастығы айыптаған емес. 

0 пікір
Мұрағат