Токио метросында мешіт ашылады
Токио метросында мешіт ашылады
7 жыл бұрын 3080 japantimes.co.jp
 ⁠⁠⁠Жапония астанасы метросының Токио бекетінде мешіт ашылады. Мұндай шешімді «East Japan Railway Company» фирмасы қабылдаған. Фирма өкілдері Жапонияға жыл сайын мұсылмандардың, әсіресе Оңтүстік-шығыс Азия елдерінен келетін туристердің көп екенін алға тартып, осындай мәмілеге келгендерін баяндады.
 
«East Japan Railway Company» бас директоры Тестуро Томита мешіт 5-маусымда ашылатынын хабарлады. Мешіт күнделікті сағат 8.30-дан 19.00-ге дейін ашық болады. Демалыс күндері кешкі беске дейін мұсылмандар мешітте құлшылығын өтей алады. Мешіттің аумағы - 8 шаршы метр, дәрет алатын бөлме де бар.
 
 
"Зекет"қорының баспасөз қызметі
Аударған: Сапарова Айжан
0 пікір
Мұрағат