Мигранттар қабылдайтын орталық мафия бақылауына өтіп кеткен
Мигранттар қабылдайтын орталық мафия бақылауына өтіп кеткен
7 жыл бұрын 2734 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Италиядағы аса ірі мигранттар қабылдау орталықтарының бірі табаны күректей он жыл бойы мафияның бақылауында болып келген. Бұл жайында The Local ақпарат көзі Калабрия провинциясының полициясына сілтеме жасай отырып, хабар таратты. 

"Бір түннің ішінде 500-ден аса тәртіп сақшысы мафиямен байланысты 68 адамды тұтқындады. Олар бопсалаумен айналысып, қаруды заңсыз сақтаған, алаяқтыққа барған және қаржыны жөн-жосықсыз шашқа, ұрлық жасаған. Қолға түскен күдіктілерге осындай айыптар тағылып отыр. Бұл жайында Калабрия орталығы - Катанзаро қаласының полиция өкілдері мәлім етті. Нақтырақ айтқанда, күдіктілер Изола-ди-Капо-Риццуто қаласындағы босқындарға арналған орталық басқармасының адамдары болып шықты. Ұсталғандар арасында жергілікті католиктердің тәубе еткен күнәһарлар бауырластығының жетекшісі Леонардо Сакко мен священник Эдоардо Скордио бар. Олар конкурс өткізіп, азық-түлік пен қызмет көрсетуге қатысты келісім-шарттардың бәрін мафияның мердігерлерімен бірге әзірлеген. Италия қаржы министрлігінің мәліметіне қарағанда, Италия билігі босқындарды қабылдауға жыл сайын 3,3 млрд доллар бөледі. 

0 пікір
Мұрағат