Тәліптер АҚШ президентіне хат жазды
Тәліптер АҚШ президентіне хат жазды
7 жыл бұрын 3410 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

АҚШ билігі Ауғанстандағы саясатына қатысты жаңа доктрина әзірлеп жатыр. Осыған байланысты Ауғанстанды уысында ұстағысы келетін әлемнің алып державаларында, атап айтқанда, АҚШ-ты былай қойғанда, Ресейде террорлық қозғалыс ретінде танылған тәліптер Ақ үй қожайынынан америкалық әскерді алып кетуді талап етіп, үшбу хат жолдады. Khaama Press ақпарат агенттігінің таратқан хабарына қарағанда, дала командирлерінің бірі бұл хатта АҚШ президенті Дональд Трампты Пентагон генералдарына сенбеуге шақырған. Ауғанстанға қатысты АҚШ-тың жүргізіп отырған саясатына қатысты. Тәліптер, сондай-ақ, хатта АҚШ сарбаздарын басқыншы әскер ретінде қабылдайтынын, елді қауіпсіздігі сын көтермейтін, экономикасы шатқаяқтаған мемлекетке айналдарғанын жазыпты. Бұған қоса, тәліптер Ауғанстанның ішкі ахуалын сөз еткен, дәлірегі, билікке талас елді жікке бөліп отырғанын, яғни, билік басында отырғандар арасында таққа талас өршіп кеткенін, жаңа коалициялық топтың құрылып жатқанын тізіпті. Барак Обама билік құрған тұста Ауғанстаннан АҚШ-тың әскери контингентін шығару туралы мәселе көтерілгенімен, аяқсыз қалған болатын. Тек бұл елдегі америкалық сарбаздар кемігені болмаса. АҚШ сарбаздарын толық әкетуге жергілікті халық басқыншылардан азат етуші қозғалыс деп білетін, алайда, өздерінің басқыншылық саясатын бүркемелеу үшін террорлармен күресіп жүрміз деген АҚШ билігінің дәті барар емес. Осы елдегі саяси һәм экономикалық мүддесін ескермеген күннің өзінде әлем алдында өздерінің "терроршылардан" жеңіліс тапқанын немесе әу бастағы басқыншылық саясат жүргізгенін ашық болмаса да үнсіз мойындауына тура келер еді. Бұл кезегінде халықаралық нормаларға сәйкес өзге елдердің ішкі ісіне арасуы болып танылады. Сонымен қатар, Academy деген атпен танымал әскери жекеменшік компанияның негізін қалаушы Эрик Принстің өзі ауған науқанын "АҚШ тарихындағы ең ұзаққа созылған соғыс" деп бағалап отыр. "2400 америкалық сарбаздың қаза тапқанына, 1 трлн доллар қаражат шығындалғанына қарамастан АҚШ бұл соғыста жеңіліс тапты",- деп мәлімдеді. Сондықтан ол ауған операциясын банкрот деп тануға шақырып отыр АҚШ билігін. 5,5 мың жалдамалыға, әскер техниканы соғысқа дайындауға жұмсалатын қаржы мөлшері жылына 10 млрд долларға жеткен. Дональд Трамп тәліптердің хатына қалай жауап қайтарады немесе жауапсыз қалдырады ма, оны алдағы уақыт көрсетеді. 

0 пікір
Мұрағат