Ешнәрсе мәңгі емес: ұзақ күттірген жағдаяттар (жаһан жаңалықтары)
Ешнәрсе мәңгі емес: ұзақ күттірген жағдаяттар (жаһан жаңалықтары)
7 жыл бұрын 3325 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті
АҚШ Мысырмен әскери жаттығуын жандандырады 

АҚШ билігі Мысырмен "Жарқын жұлдыз" деп аталатын әскери жаттығуын жандандыратын болды. Осылайша Мысырмен арадағы екі жақты қатынасты қалыпқа келтірмек. Десе де бұл жолғы әскери жаттығу бұрынғыдай ауқымды болмайды. АҚШ-тың әскери күштерінің орталық қолбасшылығының өкілі майор Джош Жак мәлімдегендей, мысырлықтармен әскери жаттығуға бар-жоғы 200-ге тарта америкалық сарбаз ғана қатысады. Салыстыра кетсек, 2009 жылы соңғы рет өткен екі елдің әскери жаттығуына 1,3 мыңдай америкалық сарбаз қатысқан еді. Бұл жайында CNN ақпарат көзі хабар таратты. Екі ел арасындағы әскери жаттығу неліктен үзіліп қалып еді? АҚШ пен Мысыр арасындағы әскери жаттығу өткен ғасырдан бері, яғни, 1980 жылдардан бері өткізіліп келген болатын. Әр екі жыл сайын. Заңды жолмен сайланған Мысырдың экс-президенті Мұхаммед Мүрсиді сол кездегі фельдмаршал Әбдіфаттах ас-Сиси биліктен әскери төңкеріс жасап кетіргеннен кейін АҚШ дереу Мысырдан іргесін аулақ салған болатын. Бұл жолы АҚШ Мысырға жыл сайын көрсетіліп келген 1,3 млрд доллардың әскери көмегін қайта қалпына келтірмек. 

27 жылдан бері шекарасын алғаш рет ашады 

Сауд Арабиясы 1990 жылдан бері Иракпен арада жабық тұрған шекарасын ашатын болды. Арар шекара бекеті осыдан 27 жыл бұрын екі ел арасындағы келіспеушіліктен жабылып қалған еді. Нақтырақ айтқанда, Саддам Хұсейннің әскері Кувейтке басып кіруіне байланысты. Бұл жайында Al Jazeera ақпарат көзі хабар таратты. Саудиялық және ирактық лауазымды тұлғалар екі ел арасындағы тауар айналымын жақсарту әрі ирактық қажыларды өткізу үшін шекараны ашып отырғандарын жеткізді. Сарапшылар не дейді? Олардың айтуынша, Саудия мен Біріккен Араб Әмірлігі аймақтағы Иранның ықпалын азайту мақсатында осындай қадамға барып отыр. П

0 пікір
Мұрағат