"Сырт көзден таса ішіндегісін алдырды". Абайлаңыз, қонақ үй!
"Сырт көзден таса ішіндегісін алдырды". Абайлаңыз, қонақ үй!
5 жыл бұрын 2833 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Оңтүстік Кореядағы мейманханалардың бірінде бір жарым мың адам заңсыз онлайн-трансляцияның құрбаны болған. Бұл жайында CNN ақпарат көзі  жергілікті полицияға сілтеме жасай отырып хабар таратты. Әдетте ниеті бұзықтардың азғындық жасайтын, дәлірегі, зина жасау үшін қонақ үйден бөлме жалдап жатады. "Ұры иттің артын сұқ ит аңдиды" дегендей, порно бизнеспен жеңіл ақша табуға құныққандар қонақ үйдегі теледидар түймешелерінде, шаш кептіретін құрылғыда, тіпті, розеткіде камералар жасырған екен. Таспаға тартылып алынған көріністер арнайы сайт арқылы көрсетіліп отырған. Аталмыш сайтқа 4 мыңнан аса адам тіркелген. Олардың 97-і "көрермені" ай сайын 45 доллар жарна төлеп отырған. Бұл қылмысқа шатылғандардан бірнеше адам қолға түсті. Екеуінің қолына кісен салынып, тұтқындалса, екеуі тергеуде. Қонақ үй қызметкерлері мен әкімшілігі бұл қылмыстан хабарсыз болып шықты. Интернет арқылы тікелей көрсетілетін заңсыз көрініс кәріс қоғамының мазасын қашыруда. 

0 пікір
Мұрағат