Күріш алқабын қоритын қасқыр-робот (видео)
Күріш алқабын қоритын қасқыр-робот (видео)
5 жыл бұрын 5466 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Осыдан бір ғасыр бұрын Жапониядағы күріш алқабын орман-тоғай маңында жортып жүретін қасқырлар "қоритын". Яғни,  жабайы доңыз және өзге де шөп қоректілер қасқырдан қорқып, күріш алқабына жолай алмайтын еді. Алайда, XIX ғасырдың соңында қасқырларды қыруға ресми рұқсат берілгеннен кейін бөрілердің тұқымы күрт азайып кеткен болатын. Нәтижесінде экологиялық тепе-теңдік бұзылып, доңыздар мен өзге де шөп қоректілер күріш алқабы мен өзге де дәнді-дақылдар алқабын жоятын болды. Күншығыс еліндегі әлемге әйгілі Йеллоустоун қорығында да осыған ұқсас жағдай орын алған. Доңыз бен еліктер қаптап, өсімдіктерді отап кететін болған. Осыған байланысты 1990-шы жылдары аталмыш қорыққа қасқыр әкелінген. Жапондар мұнымен ғана шектелмей, ауыл шаруашылық кооперативтері қасқыр-робот құрастырып, егістік алқабын қоруға қойды. Ұзындығы 65, биіктігі 50 сантиметрге жететін қасқыр-роботтың LED-көзі қозғалыс датчигімен жабдықталған. Азу тісі бар робот жыртқыш қорқынышты үн шығарудың 18 нұсқасын "меңгерген". Яғни, жыртқыштың даусын салып қоймай, адамның айқайын да, мылтықтың үнін де шығара алады. Сигнал датчик қандай да бір дене жақындағанда іске қосылады.  

  

0 пікір
Мұрағат