Студенттерге білім ақысын өздерінің табыс салығынан төлеуге рұқсат етеді
Студенттерге білім ақысын өздерінің табыс салығынан төлеуге рұқсат етеді
5 жыл бұрын 1961 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Армения билігі студенттерге білім ақысын өздерінің табыс салығынан төлеуге рұқсат етпек. Бұл жайында аталмыш ел парламентінің «Менің қадамым» деп аталатын партия атынан сайланған депутаты Мхитар Айрапетян Facebook әлеуметтік желісіндегі өз парақшасында жария етті. Оның айтуынша, осы бастамаға қатысты тиісті заң жобасы парламент қарауына ұсынылады. Дәлірегі, аталмыш заң жобасын осы уақытқа дейін ғылым, білім беру, мәдениет, диаспора, жастар және спорт мәселелерімен айналысатын комиссия қараған. Депутат осылай дей келе студенттерге білім алуына жағдай жасау мақсатында әзірленген заң жобасы биылдан қалмай қабылданып, 2020—2021 оқу жылында қолданысқа енетінін жеткізді. Айта кету керек, мұндай тәжірибе әлемде тұңғыш рет жүзеге асырылып жатыр. 

0 пікір
Мұрағат