Шиғалар ағза қондырудан алға шықты
Шиғалар ағза қондырудан алға шықты
5 жыл бұрын 2770 islam.kz-ке сілтеме берілуі міндетті

Тегеран қаласындағы медицина ғылымы университетінің ерекше аурулар бөлімінің жетекшісі Мұхаммед Хасан Шабани соңғы бірнеше жыл бедерінде Иранның Таяу шығыста ағза қондырудан (трансплантация) алға шыққанын мақтанышпен жеткізді. Яғни, Иран дәрігерлері ағза қондыру отасын жасаудан көш бастап, Таяу шығыстағы елдері арасында бұл салада алғашқы үштікке енген. Бұл жайында парсылардың Mehr ақпарат көзі хабар таратты. Оның айтуынша, бұл бағытта Иран діңгекті жасуша, жүрек, бүйрек және ұйқы безін қондыру отасы бойынша көш бастаған. Біз сөз етіп отырған Тегерандағы медицина жоғарғы оқу орны күллі Иран аумағында ағза қондыру отасы бойынша бірінші орыннан көрініп отыр. Жылына 45 мыңнан аса ағза қондыру отасы жасалады екен. Аталмыш уинверситет қабырғасында. Иранға науқастар негізінен көрші елдерден дертіне шипа іздеп келеді. Биылдың өзінде, дәлірегі, наурыз айынан бері парсылар еліне емделу үшін 600 мыңнан аса пациент келген. Бұл рекордтық көрсеткіш. 

0 пікір
Мұрағат