Студенттер суды тазалаудың тың тәсілін ойлап тапты
Студенттер суды тазалаудың тың тәсілін ойлап тапты
2 жыл бұрын 948

Бахрейн университетінің жанындағы колледжде білім алып жүрген Хұсейн Шиһаб (Hussain Shihab) және Саид Абдулла әл-Мишаль (Syed Abdullah al-Mishal) есімді екі студент қоршаған ортаны ластайтын өндірісте пайдаланылған қалдық суды бояу мен улы заттардан микро-канал  (микрофлюид) жүйесінің көмегімен тазартатын тың тәсіл ойлап тапты. Жас ғалымдардың сөзіне қарағанда, өздерінің тәсілі бойынша тазартылған су қоршаған ортаны ластамайды, яғни, тазартылған суды теңізге қайта құйса, ондағы тіршілік иелеріне ешқандай қауіп төндірмейді.  Сондай-ақ, олар өздерінің тәсілі бойынша қалдық судың 96 пайызға тазартылғанын алға тартты. Осы нәтижеге қарап, олар өздерінің тәсілін одан ары жетілдіруге күш салатындарын жеткізді. Аталмыш жоба алдағы уақытта барлық зауытта қолданылады.

0 пікір