"Дипломмен ауылға" бағдарламасы 30 мың адамды жұмыспен қамтыды
"Дипломмен ауылға" бағдарламасы 30 мың адамды жұмыспен қамтыды
9 жыл бұрын 3957

Baq.kz ақпарат көзінің хабарлауынша, "Дипломмен ауылға" бағдарламасым бойынша 30 мың аса адам жұмыспен қамтылған.

Бұл жөнінде ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Білім жəне ғылым вице-министрі Тахир Балықбаев айтты.

Қазір барлық оқу орындарында жұмысқа орналастыру кеңселері құрылған. Сонымен қатар жастарды жұмысқа орналастыру үшін арнайы жобалар көптеп іске қосылуда. Солардың бірі "Дипломмен ауылға" жобасы арқылы 30 мыңнан астам жас мамандарды бүгінгі таңда ауылдық жерлерде жұмысқа орналастырдық. Олардың 73 пайызы білім беру саласында, 20 пайызы денсаулық сақтау саласында жəне қалған пайызы ауыл шаруашылығы мен əлеуметтік сала мамандықтарына бағытталған, - деді Т.Балықбаев.

Сонымен қатар осындай іс-шаралардың арқасында соңғы жылдары жастардың арасындағы жұмыссыздық 1,2 пайызға төмендеп, қазір 4,3 пайыз жобасында болып отырғандығын айтқан ол:
Демек бұл іс-шаралар жастардың жұмысқа орналасуына, əрі қаратай дамуына мүмкіндік беріп жатыр. Ендігі "Нұрлы жол" Жаңа экономикалық саясатын жүзеге асыру жастарға арналған жаңа жұмыстарын ашуға мүмкіндік беретіндігі сөзсіз, - деп атап өтті.

Айта кету керек, 2001 жылмен салыстырғанда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4 есеге төмендеп, 4,6% құрайды. Бұдан бөлек, соңғы 10 жылда өзін-өзі жұмыспен қамтушы жастардың саны 142 мың адамға төмендеді.

0 пікір
Мұрағат