Сотта алқа би болудан бас тартты
Сотта алқа би болудан бас тартты
2 жыл бұрын 816

Британиялық мұсылман сот төрағасынан өзін алқа биліктен босатуды талап еткен. Алайда, сот төрағасы Тимоти Понтиус оның өтінішін аяқсыз қалдырды. Бқл жайында "The Daily Express» ақпарат көзі хабар таратты. «Мұсылман ретінде мен ешкімге төрелік айта алмаймын, өзгелерге қатысты қандай да бір шешім қабылдауыма болмайды деп санаймын. Мен ол кінәлі болса да, болмаса да, төрелік айту жауапкершілігін мойныма ала алмаймын»,- деген ол сөзін сабақтап: «Мен өлімнің дәмін татқаннан кейін жауапқа тартыламыз. Кінәсіз адам менің кесірімнен (қателігімнен) азап шекпесе деймін»,- деді. «Кей адамдардың иманы терең болып келеді, алайда, олар өз міндетін саналы түрде әрі дінінің бұйырғанына қарай атқарады. Алқа билердің арасында да мұсылмандар кездеседі»,- деп оның өтінішін орындаудан бас тартты. Айта кетейік, Британияда алқа билер жеребе тастау арқылы іріктеледі, таңдау түскен адам бұл міндеттен бас тартуға болмайды. Тіпті, мынадай жағдай да болған: перзентханадан енді шыққан әйел де алқа би болып сайланып, бірнеше сағатқа созылатын сот мәжілісінен шыға алмай, баласын уақытында емізе алмаған кезі де болған.

0 пікір