Шариғат шәлісі үшін жұмысқа тұра алмаған америкалық әйелді Канада жұмысқа шақырды
Шариғат шәлісі үшін жұмысқа тұра алмаған америкалық әйелді Канада жұмысқа шақырды
2 жыл бұрын 993

АҚШ-тың Огайо штатының тумасы Исмахан Иссені осы штаттың полициясы оны басына шариғат шәлісін тартқаны үшін қызметке алудан бас тартқан болатын. Осы жайтты ғаламтордан білген Канаданың Эдмонтон қаласының полиция қызметі оны өздеріне жұмысқа шақырды. Айта кетейік, канадалық полицияда мұсылман әйелдерге де униформа қарастырылған. Яғни, үйеңкілер елінде полицияға жұмысқа тұрғысы келген мұсылман әйелдеріне шариғат шәлісін жамылып жүруге тыйым салынбаған. АҚШ-та полиция мектебін шариғат шәлісін жамылып жүріп оқығанда оған мұндай тыйым салынбаған болатын. Қызметке тұрарда осындай кемсітушілікке, кедергіге кездескен ол канадалық әріптестерінің ұсынысына ойланып көретіндігін жеткізді.

0 пікір