Арабша есімдерге тыйым салу төңірегінде пікірталас өршіп тұр
Арабша есімдерге тыйым салу төңірегінде пікірталас өршіп тұр
9 жыл бұрын 7049

Тәжікстанда араб есімдеріне тыйым салатын заң жобасы төңірегінде пікірталас өршіп тұр. Президент Эмомали Рахмон аталмыш заң жобасын парламентке қарауға пәрмен берді. Егер бұл заң жобасы қабылданатын болса, арабша аттарға тыйым салынады. Яғни, шараналарға арабтардың есімін қоюға заң жүзінде тыйым салынады. Бұл жайында Тәжікстанның әділет министрлігінің азаматтық хал актілерін тіркеу жөніндегі департаменті хабарлады. Есесіне ата-аналарға перзентіне қоятын есімдер тізімін ұсынатын болады. Айта кетейік, тәжктердің 98%-ын мұсылмандар құрайды. Бір қызығы, тәжік президентінің «Эмомали» есімі арабтардың «имам Али»  тіркесінен алынған.

3 пікір
  • Қазақтарда да түбі арабшадан алынған емес пе, көп есімдердің.
    9 жыл бұрын
  • Кандай кызык халык екен! керисинше жаксы емес пе кайта? Мысалы меним атым Лайла.....арабшадан аударганда тун дегенди билдиреди екен.,оте есимимен мактан тутамын, жане де адеми есим. еш магынасы жок Анеля , Жанеля, Адема дегеннен гори магыналы да ари ислами аттарга не жетсин ширкин!
    9 жыл бұрын
Мұрағат